Шымкентте 34 млн теңгеден аса жалған ақша сатқандар сотталды

6 Тамыз, 09:40 707

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында 5 сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар ірі мөлшерде жалған ақша сатқан. Сотталушылар ҚР ҚК-нің 231-бабы 2-бөлігінің 1 және 3-тармағымен, сондай-ақ 231-бабы 2-бөлігінің 1, 3-тармақтарымен, 392-бабының 1-бөлігімен айыпталған. Олар адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет жалған 75 800 долларды (теңгемен есептегенде, 34 106 210 теңге) сақтаған және сатқан.

Сонымен қатар біреуі Қазақстан Республикасының шекарасынан аталған шетел валютасын заңсыз өткізген.

Сотталушылардың кінәлары өздерінің, куәгердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденді.

Айытпалушыларға 5 және 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: