Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек әкімдікте күзеттің күшейтілмейтінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалай болды сол қалпында қалады. Қалай өмір сүрдік, солай өмір сүре береміз. Ешнәрсе өзгермейді, — деді ол.
Сондай-ақ қалада қауіпсіздік камералары орнатылады.
Қала аумағында қосымша 1500 бейнебақылау камерасы орнату жоспарланып отыр. Бұл — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында қолға алынған шара. Қазір шабуылдың себебі туралы түрлі қауесет тарап жатыр. Алайда біз олардың ешқайсысын растай алмаймыз. Бұл мәселеге соңғы нүктені тергеу қояды. Мүмкін шабуылдаушының психикалық жағдайы дұрыс болмаған, мүмкін психотропты заттардың әсерінде болған — біз нақты айта алмаймыз, – деді қала әкімінің орынбасары.