Шымкентте 12,5 млн қарызы бар жүргізуші әйел анықталды

12 Ақпан, 03:44 1143

Шымкентте 12,5 млн қарызы бар жүргізуші әйел анықталды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары «Қорғау» қосымшасы арқылы қарызы өтелмеген автокөлік иесі туралы белгі алған.

Полиция хабарлауынша, Toyota Camry иесінің атқарушылық іс-жүргізу бойынша 12,5 млн теңге қарызы бар екені анықталған.

Тәртіп сақшылары көлікті Темірлан тас жолы мен Әл-Фараби көшесінің қиылысында тоқтатқан.

Қарызынан жалтарған жүргізушіге төлемдердің толық өтелу қажеттілігі туралы ескертіліп, ал көлік айыптұраққа қойылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: