Шымкентте 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

14 Мамыр, 14:03 1043

Қайғылы оқиға 12 мамыр күні болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, мектептердің бірінің түлегі өз үйінде суицид жасаған.

Мектеп әкімшілігінің айтуынша, жасөспірімнің оқу үлгерімі жақсы болған, соңғы күндері ешкіммен сөзге келмеген.

«11 сынып оқушысы өз үйінде өлі табылды. Еш жерде есепте тұрмаған. Суицидке қатысты тергеу жүріп жатыр», - делінген полиция мәліметінде.

Полицияда «Өзіне өзі қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша тергеу басталғаны айтылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: