Шымкенте 33 млн теңге айыппұл төлемеген көлік жүргізушісі анықталды

18 Қаңтар, 15:46 701

Шымкенте 33 млн теңге айыппұл төлемеген көлік жүргізушісі анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары қарызы өтелмеген автокөлік туралы дабыл алды.

Ақпаратты полицияның планшетіне орнатылған “Қорғау” бағдарламасы берді. Hyundai Elantra көлігі иесінің атқарушылық іс-жүргізу бойынша 33 миллион теңге қарызы бар екені анықталды. Патрульдік полицейлер көлікті Рысқұлов көшесінде ұстады.

Қарызынан жалтарған жүргізушіге төленетін төлемдер туралы ескертілді. Көлік айыптұраққа қойылды. Қала тұрғыны қарыздарын толық өтегеннен кейін ғана көлігін ала алады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: