Шымкентте көшедегі өсімдіктерді суаруға арналған субұрқақта жалаңаш шомылған ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция әлеуметтік желідегі видеоны бақылау арқылы азаматты анықтаған.
Оқи отырыңыз:
Жалаңаш ер адам Шымкент қаласының Төле би көшесі бойындағы жолдың дәл қасында субұрқақта жалаңаш шомылған. Бұзақы 50 жастағы азамат болып шықты.
Қазіргі таңда оның үстінен ӘҚБтК-нің "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды.