Шымкент тұрғыны битум құйылған бөшкеге құлап кетті

12 Қыркүйек 2023, 14:33 991

Шымкент тұрғыны битум құйылған бөшкеге батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Клара Цеткин көшесі бойында орналасқан «ОЛАКС» ЖШС-нің аумағында болды. Мұнда ер адам битум құйылған темір бөшкеге құлап кеткен.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, алпинистік арқандар мен тыныс қорғау аппаратын қолданып, ер азаматтың мәйітін шығарып алды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - делінген Шымкент қаласы ТЖ департаменті ақпаратында.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: