Шымкент полицейлері Макаров тапаншасынан оқ атудан сайысқа түсті

5 Қазан 2023, 04:11 565

Шымкент полицейлері Макаров тапаншасынан оқ атудан сайысқа түсті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Polisia.kz-тің мәліметінше, құралайды көзге атқан мергендерді анықтау үшін полиция департаментінің бастығы Думан Таевтің нұсқауымен жедел қызметкерлер арасында Макаров тапаншасынан оқ атудан жарыс өтті. Сайысқа криминалды полицейлер, экстремизмге қарсы іс-қимыл, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармалары және аудандық полиция басқармалары мен патрульдік полицейлер қатысты.

Нысанаға дөп тию үшін қырағылықты, дәлдік пен ептілікті қажет ететін жарыста ең үздіктер жеңіске жетті. Командалық есепте Еңбекші ауданының полицейлері І орын, криминалистер ІІ орын, Тұран АПБ-ның сақшылары жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Ал ерлер арасындағы бәсекеде криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары Алексей Фомичев үздік шықса, әйелдерден Еңбекші АПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Альмира Амирова топ жарды. Жеңімпаздарға департамент бастығының атынан грамота мен медальдар табыс етілді.

Берік Арманов
Бөлісу: