Шымкент мұнай өңдеу зауыты ішінара жөндеуге тоқтатылады

1 Шілде 2023, 14:48 677

3-14 шілде аралығында Шымкент мұнай өңдеу зауытының жұмысы катализаторды регенерациялауға және каталитикалық риформинг қондырғысын іске қосу үшін жоспарлы түрде тоқтатылады. Бұл туралы Энергетика министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Регенерация процедурасы SR 1000 риформинг катализаторының белсенділігін қалпына келтіруге және Т-251 шикізат жылу алмастырғышының ақаулығы кезінде (АИ-95 автобензинін өндіруде қолданылады) «халық көп тұтынатын» АИ-92 автобензинін өндіруді сақтауға бағытталған.

Сондай-ақ Т-251 жылу алмастырғышындағы ақау себептерін анықтау және осыған ұқсас жағдайларды болдырмау үшін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС құрылтайшылары – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және CNPC тергеу жүргізіп, іс-қимыл жоспарын әзірлеуде, - делінген министрлік мәліметінде.

Шілде айына автобензиннің қажетті мөлшерін сақтау үшін өндірістік жоспарлар келесідей түзілді:

- Атырау МӨЗ-де – АИ-95 премиум автобензинін өндіру 20-дан 45 мың тоннаға дейін ұлғайтылды, Аи-92 – 100 мың тоннадан астам деңгейде сақталады.

- Шымкент МӨЗ-де – АИ-95 премиум автобензинін өндіру 29 мың тоннаға төмендеді, Аи-92 – 140 мың тоннадан астам деңгейде сақталады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: