Шымкент медресесінде ұстазы балаларды ұрып-соққан

15 Маусым 2023, 17:41 1099

Желіде Шымкент қаласының медресесінде ұстаздар кәмелетке толмаған балаларды «хадис» білмегені үшін ұрып-соққаны жайлы видео тарады. Балалардың денесі көгерген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті азаматтар, тиісті мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері медресеге алып барып, оларды ұрған. «Хадистерді» білмеген үшін оларды ұрған, - дейді видеодағы азамат.

Видеодағы екі бала 9 және 7 жаста. Олар Шымкенттегі медресе үйде орналасқанын айтады.

Үйде дін сабақтарын береді. Ұстаздың аты – Рүстем, - дейді олар.

Екі баланың арқасы тілінген, гематомалары бар.

Равиль Ашығали
Бөлісу: