Шымкент көшелері нөсерлі жауыннан су астында қалды

17 Сәуір, 04:15 937

Шымкентте 16 сәуірде толассыз жауған жауын-шашыннан қаладағы бірнеше көшелерді су басты. Соның салдарынан ирригация жүйелердің су өткізу қабілетінің күші жетпей, жерасты жолдары мен аулалар, көлік жолдары, сауда орындары суға толды, деп хабарлайды otyrar.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктегілер шаһардағы бес ауданда көшелерді жауын суынан арылту жұмыстарына 5 компания жұмылдырылғанын хабарлады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Қалалық ТЖД жаңбыр суын сору жұмыстарына әкімдіктің коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері мен техникалары жұмылдырылып, су толығымен айдалғанын, қаладағы жағдай қалыпты екенін айтты.

"Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде видеолары таралған учаскелерде жағдай қалыпты. ТЖД және жергілікті атқарушы органның су сору құрылғылары арқылы жауын суы қауіпсіз жерге шығарылды. Су жиналу фактілерінің негізгі себептері - ирригациялық жүйелердің су өткізу қабілетінің күші жетпеуінен сулар жиналған. Қазіргі таңда жағдай қалыпты",-деді қалалық ТЖД Төтенше жағдайдың алдын алу бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ирисмат Махмудов. 

Зарина Арман
Бөлісу: