Шымбұлақтағы қар көшкініне себепші болған шаңғышылар анықталды. Тау шаңғысы курортының әкімшілігі оқиғаның жай-жапсарын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
10 наурыз сағат 9:58-де Школьник тауында Комби 2 арқан жолы ауданында көшкін жүрді.
Сағат 9:17-де көшкін қауіпсіздігі қызметі қар жамылғысының төзімділігін тестілеуді аяқтады, содан кейін Комби 2 арқан жолының ашылуы расталды. Барлық трассадан тыс сырғанау аумақтары тормен қоршалып, «Көшкін қаупі бар», «Жабық», «Өтуге болмайды» ескерту және тыйым салу белгілері қойылды.
Сағат 10:02-де Курорттың жедел басқару орталығының пультіне Школьник тауының жоғарғы экспозициясынан көшкін түсуі жөнінде хабарлама келіп түсті. Құтқару қызметі бірден орынға келіп, көшкін аумағына зерттеу жүргізді. Іздеу шараларының нәтижесі бойынша жапа шеккендер мен құрбандар жоқ.
Сондай-ақ үш шаңғышы өз бетінше тыйым салу белгілерін бұзып, қоршаудан шығып, тордың сыртына өтіп, қауіпті аумаққа өткендері анықталды, соның әсерінен көшкін орын алған. Қазіргі уақытта курорттың қауіпсіздік қызметі оларды анықтау және іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Шымбұлақ тау курорты барлық қонақтарды орнатылған қауіпсіздік белгілерін сақтап, қоршаудан шықпауға шақырады. Ескерту белгілерін елеусіз қалдыру тек сіздің өміріңізді ғана емес, айналаңыздағы адамдардың өмірін де қатерге тігуі мүмкін. Қауіпті аумақтар тек жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында жабылады,-делінген тау шаңғысы курорты баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске салсақ, біз бұған дейін Шымбұлақ тау шаңғы курортында қар көшкіні жүргені туралы жаздық.