Шығыс Қазақстан облысында биылғы шомылу маусымында суға батып бара жатқан 7 адам құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жаз басталғалы өңір бойынша 6 адам суға батып кетті. Барлық оқиға шомылуға жабдықталмаған жерлерде болған.
ТЖД қызметкерлері мен полицейлер жағалауларды тексеру барысында 76 құқық бұзушыны анықтады. Оның ішінде 26 адам жалпы су пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін, 6 адам су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін, 34 адам жағалауда алкогольді ішімдіктерді ішкені үшін, 10 адам кемелерді пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.