Шығыста боран соғып, жол жабылды

22 Қаңтар 2023, 00:35 1189

Өңірдің Қытаймен шекарадағы аралығына шектеу қойылған

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды, деп хабарлайды El.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Жолдың ішінара жабылуына көрінудің нашарлауы мен боран себеп болған.

Шығыс Қазақстан облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (көрінудің нашарлауы, боран) тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 1087-1321 шақырымы – Боғас ауылынан Қытай Халық Республикасының шекарасына дейінгі аралығында қозғалысқа шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 88-145 шақырымында да көлік қозғалысына шектеу қойылған.  

EL.KZ
Бөлісу: