Шығысқазақстандықтар қаржы пирамидасына 350 млн теңгеден астам ақша салған

10 Қазан 2023, 05:03 570

«Chia Tai – Tianqing Pharmaceutical» қаржы пирамидасына шығысқазақстандық 234 азамат 350 млн теңгеден астам қаражат салған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда, Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті «Chia Tai – Tianqing Pharmaceutical» қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. 

Аталған қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 2022 жылдың қазан айынан 2023 жылдың сәуір айына дейін Telegram мессенджері арқылы жалған фармацевтикалық компания атанып, салымшылардан заңсыз ақша алған.

Іс бойынша қаржылық пирамиданың құрылымдық бөлімшесінің басшысына соттың санкциясымен «Қамақта ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды, – делінген хабарламада.

Перизат Саденова
Бөлісу: