Шығыс Қазақстанда Қатонқарағай ауданының тауларындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
1700 м-ден астам биіктікте шамамен 3 гектар аумақта жартастардағы жекелеген ағаштарды өрт шарпыды.
Қорғаныс министрлігінің Ми-171 және ШҚО әуе бөлімшелерінің МИ-2 тікұшақтары өрт ошақтарына әуеден 19 рет су рет көлемі 50 тоннаға жуық су төкті, - делінген министрліктің мәліметінде.
Қазіргі таңда 155 орманшы, өрт сөндіруші және жергілікті атқарушы органдар, 13 бірлік техника және 3 тікұшақ сөндіру жұмыстарын жалғастыруда.