Шығыс Қазақстанда су тасқынының алдын алу шараларын күшейтілді

Бүгiн, 03:16 397

Төтеншеліктер Шығыс Қазақстанда су тасқынының алдын алу шараларын күшейтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов өңірге жасаған жұмыс сапары аясында Алтай ауданында су тасқыны кезеңінің өтуін тексеріп, қазіргі уақытта өзендердегі су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатқан елді мекендерді аралады. Сонымен қатар жүргізілген алдын алу іс-шараларымен танысты.

Ведомство мәліметінше, Бұқтырма өзенінде мұзды ұсақтау бойынша профилактикалық жарылыс жұмыстары жүзеге асырылды. Өзендерде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, жағалауды нығайту және түбін нығайту жұмыстары, арналарды тазарту және тереңдету, бөгендер салу жұмыстары жүргізілді.

Облыстық ТЖД бастығы Рашид Билялов вице-министрге жағдай қиындаған кезеңге күштер мен құралдардың дайындығы туралы баяндады. Ал елдімекендердің әкімдері су басудың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.

Бұдан өзге вице-министр Өскемен қаласында өрт сөндіру деполарын қарап шықты. Ол ведомствоның басым бағыттарының бірі құтқарушылардың қызметі мен тұрмыс жағдайын жақсарту болып табылатынын атап өтті.

Жұмыс сапарының соңында Рамиль Камалов өңір басшылығымен кездесті. Жиында су тасқыны кезеңі мен өрт қауіпті маусымның өтуінің маңызды мәселелері талқыланды.

Асқар Таудай
Бөлісу: