Шығыс Қазақстанда қар көшкініне байланысты жол жабылды

Бүгiн, 18:11 107

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупіне байланысты "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахманов кілттері" автожолының 6-66 шақырымында, Ушанов ауылынан Серебрянск қаласына дейінгі аралықта барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қозғалыс 19 қаңтарда сағат 06:00-де қайта ашылады деп жоспарланған. Жол жағдайы туралы қосымша ақпаратты 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталықтан алуға болады.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға тауға бармауды ескертті.

Көшкін қаупі бар көптеген ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда тоқтамаңыз, қауіпті аймақтан тез кетіңіз. Ұялы телефоннан барлық шұғыл қызметтерді шақыру үшін бірыңғай нөмір - "112", - делінген хабарламада.

Осыған дейін Ұлан ауданында облыстық маңызы бар "Өскемен – Самара" автожолының 101-шақырымында қар көшкіні өздігінен түсіп, жолды жауып тастаған болатын. Өңірде 2025 жылғы 17-20 қаңтар аралығында таулы аудандарда көшкін қаупі жарияланды.

Перизат Саденова
Бөлісу: