Шығыс Қазақстанда моншаның жылу қазандығы жарылып бір адам қайтыс болды

15 Қазан 2023, 14:21 717

Зайсан қаласындағы Боқажанов көшесінде бір қабатты қоғамдық монша ғимаратында жылыту қазандығы жарылып, нысан иесі қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ШҚО төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.  

Жедел жәрдем қызметкерлері 1984 және 1991 жылы туған ер адамдарды медициналық мекемеге жеткізді. Оқыс оқиға болған кезде моншада келушілер болмады. Қазіргі уақытта ТЖД қызметкерлері жартылай құлаған ғимаратты бөлшектеп, тазалап жатыр, - деп жазылған облыстық ТЖД таратқан ақпаратта.

Оқиғадан кейін апат аймағына облыс әкімі Ермек Көшербаев пен ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев арнайы келген. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: