Шығыс Қазақстан құтқарушылары қызмет барысында ат патрулін пайдаланады

11 Маусым 2023, 13:51 672

Шығыс Қазақстанда құтқарушылар полицейлер мен орманшылармен бірлесіп облыстың су айдындарын патрульдеу және өңірдегі өрт қауіпсіздігін бақылау үшін атты пайдаланбақ, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мұндай қажеттілік саяжай учаскелерінің, орманды дала аймағының аумағында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушыларды жедел қадағалау және жазатайым оқиғалар жиі тіркелетін жетуі қиын жердегі су айдындарындағы оқиғалардан адамдарды қорғау үшін қолданылады.

Профилактикалық рейдтердің арқасында мобильді топтар өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушы 35 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тыйым салынған жерлерде шомылушылар да жауапкершілікке тартылып отыр. 

Ат патрулін профилактикалық рейдтерге бірнеше жыл қатарынан тартып отырмыз. Адамдар жиі жалғыз демалуға асығатын ұзақ қашықтықтар мен таулы-тоғайлы жерлерді дәл осылай қамтуға мүмкіндік береді. Біз адамдармен сөйлесеміз, өрт қауіпті кезеңде от жағуға және құтқарушылар мен дәрігерлер жоқ жабдықталмаған жерлерде шомылуға тыйым салынғанын түсіндіреміз. Сонымен қатар, полицияның қатысуымен су айдындарында алкоголь ішпеуді қадағалаймыз, - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Қызметкерлер құқықтық тәртіпті аттан бөлек қайықтармен де бақылайды. Ол жерден кеңірек көрініс ашылады. Себебі, жаздың ыстық күндерінде адамдар су қоймаларына жаппай демалуға келеді. Қазіргі уақытта облыста 22 шомылу орны және 111-не тыйым салынған орын анықталып отыр. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: