Шығыс Қазақстан облысында жол опырылып қалды

12 Сәуір, 11:46 1862

Шығыс Қазақстан облысындағы тас жолда терең шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта таңертең «Теректі – Ұрынхай – Төсқайың» облыстық маңызы бар жолдың 13 шақырымында («Мраморное» асуы маңы) жаңбыр және қардың еруі салдарынан топырақ көшкіні жүргендігі айтылады.

Қазіргі уақытта тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында жол қозғалысы жабылды. Оқиға орнында жергілікті атқарушы билік және төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеуде.

Қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша ауыр техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: