Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

2 Тамыз, 23:39 883

ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2 тамыз Астана уақытымен сағат 23.15-те сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 859 км солтүстік-шығысқа қарай Қазақстан аумағында орналасқан. Яғни ШҚО, Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын елдімекенінен 70 км, Өскеменнен 224 км.

Эпицентр координаталары 48.665º с.е. 84.840º ш.б. Тереңдігі - 10 км. 

Жер асты дүмпуі Өскемен қаласында сезілген. Магнитудасы - 2-3 балл.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түпеген.

 

Зарина Арман
Бөлісу: