Шығын өтеледі, кінәлілер жазаланады - Бектенов

30 Наурыз, 21:44 1136

ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов мемлекет басшысының төрағалығымен өткен шұғыл кеңес қорытындысы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы су тасқынына байланысты шұғыл жиналыс өткізді. Барлық құзыретті органға тиісті тапсырма берілді. Жауапты тұлғалардың барлығы тәртіптік жазаға тартылады. Зардап шеккен адамдардың барлық шығыны өтеледі. Үкіметте республикалық штаб құрылып, барлық мәселені тәулік бойы бақылауда ұстайтын боламыз, - деді Бектенов.

Зарина Арман
Бөлісу: