«Шығын 20 млн теңге»: Кентауда қарызға ет алушы әйел ұсталды

Бүгiн, 14:12 195

Түркістан облысы Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысына қатысы бар 39 жастағы әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, күдікті әйел осыдан екі жыл бұрын ет сататын дүкеннің иесінен қарызға ет алып, ақысын бөліп төлеймін деп сендірген. Алайда арада жыл өтседе ақшасын қайтармай із-түзсіз кеткен.

Тәртіп сақшылары жұмыссыз тұрғынның дәл осындай 5 алаяқтыққа қатысы бар екенін анықтады. Яғни оларды да сан соқтырып, қарызға жіліктеп ет алған. Айласын асырған әйел еттерді базарға апарып төмен бағада сатып, ақшасын жеке бас пайдасына жаратқан. Жәбірленушілерге 20 миллион теңге шығын келтірген. Қазіргі таңда әйелдің ісі сотқа өтті.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: