"Шығатын түрі жоқ": Алтынай Жорабаева босанатын күнді асыға күтіп жүр

6 Қаңтар, 12:48 6917

Әнші Алтынай Жорабаева бесінші перзентін босанатын уақытты асыға күтіп жүр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі, сәбиін дүниеге әкелетін уақыт та мерзімінен асып кеткенін меңзеді.

Осыған отыру керек сияқты. Әйтпесе, шығатын түрі жоқ, - деп жазды инстаграм парақшасында.

Бұған дейін ай-күні жетіп отырған әнші Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында перзентханаға қажет заттардың барлығын алып, дайын отырғанын айтқан.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: