Шыңғыс Уәлихановтың кеңесшісі

3 Қыркүйек 2014, 14:48

1834 жылы Құсмұрын дуанында аға сұлтанның – Шыңғыс Уәлихановтың кеңесшiсi (заседателi) болып сайланған Есеней бұл қызметте 1841 жылға дейiн iстейдi.

«Шыңғыс өз заманының мәдениеттi және бiлiмдi адамы болған, ғылым мен әдебиеттi, көркемөнердi жоғары бағалай бiлген. Ол өзiнiң мемлекеттiк және қоғамдық қызметiмен қазақтардың алдыңғы қатарлы орыс мәдениетiмен танысып, одан тағылым алып, үйренуiне көп жәрдемдескен», – деп жазды Ә. Марғұлан.

1834 жылы Құсмұрын дуанында аға сұлтанның – Шыңғыс Уәлихановтың кеңесшiсi (заседателi) болып сайланған Есеней бұл қызметте 1841 жылға дейiн iстейдi. 1840 жылы Кенесарымен астыртын қатынасы ашылып қалған Есенейдi губерния басшылары аға сұлтанның кеңесшiсi қызметiне бекiттiрмейдi.

Есеней Естемiсовтың қоғамдық қызметiнiң тiзiмi төмендегiдей.

1815­1819 жылдары Марал ишан бастаған Батыс Сiбiр мұ­ сылмандарының жер­су үшiн Ресей отаршылдарына қарсы бағытталған ғазауатына дiни және ұлт­азаттық қозғалысына белсене қатысады. 1817 жылы Марал ишан қозғалысының жүзбасы атағын алады. Есiлге құятын Есет өзенi бойында Шатыраның солтүстiгiнде болған ұрыстарда 1818 жылдың көктемiнiң аяғында Марал әскерi отаршылдар жасағын жеңiлiске ұшыратыпты. Осы ұрыстағы ерлiгi үшiн халық оны Ер Есеней деп атап кетiптi.

1819 қоян жылы жаздың басында Керей жайлауында Қақ сорының жағасында  Сiбiр қазақтарының  шорасы  етiп сайлапты. Орта жүзде хандық билiк 1824 жылға дейiн сақталыпты. 1824 жылдың тамызында патша өкiметiнiң рұқсатынсыз Есенейдi Ашамайлы Керейдiң рубасы әрi қазысы етiп сайлайды (Бұлардың бәрi Керей шежiресiнен алынды).

1830 жылы Аманқарағай дуаны құрылып, дуанның кеңесшiлдiгiне Есеней Естемiсов сайланды (Дело по устройству Аман- Карагайского округа. – Омбы, 3-қор, 541-іс).

1834 жылы 30 тамызда тарап кеткен Аманқарағай дуаны қайтадан құрылып, аға сұлтаны Шыңғыс Уәлиханов, кеңесшiлерi болып Есеней Естемiсов, Тәбей Барлыбаев сайланады. 1842  жылдың  18  тамызында  Сибан  Керей  болысының старшыны  болып  сайланады,  бұл  жұмысты  1852  жылға дейiн атқарады. 1843 жылы Тұрлыбек Көшеновтың орнына Батыс Сiбiр губерниясы Кеңеснигi қызметiн бiраз жыл қоса атқарады.

1852 жылдың шiлде айында Құсмұрын дуанының аға сұлтаны болып сайланып, бұл жұмыста 1959 жылдың мамыр айына дейiн iстейдi. 12.04.1859 жылы Құсмұрын дуаны жабылады.

1859 жылдың мамыр айынан бастап, Батыс Сiбiр губерниясының Кеңеснигi қызметiне тағайындалады (Омбы мұрағаты. 3-қор, 3-тiзбе, 4258-іс). Бұл жұмыста қай жылға дейiн iстегенi белгiсiз, мұрағатта мұндай дерек кездеспедi.

Жоғарыда аталған қызметтердi адал атқарғаны үшiн Ресей үкiметiнен тиiстi шен­шекпенiн алып отырған. Соған сәйкес Ресей патшасының Бас министрi Петербургке шақыртуымен ел тыныштығын сақтағаны үшiн оған «Құрметтi қазақ» атағын, тағы басқа марапат алғанын жоғарыда атап өттік.

Сондай­ақ 10.06.1846 жылы – хорунжи, 30.08.1853 жылы – сотник, 05.04.1858 жылы – есаул, 07.05.1859 жылы майор атақтарын алады.

«Есімдері ел есінде», құрастырған Абай Тасболатов

Бөлісу: