Шығыс Қазақстандағы Белуха тауындағы туристік трассаны нығайту жұмыстары кезінде көшкін жүрді. Екі альпинист қаза болды, тағы бір адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Қайғылы оқиға 23 маусым сағат 10.00 шамасында болды. Апат салдарынан 1992 және 1988 жылы туған екі ер адам көз жұмды. Сондай-ақ 1990 жылы туған Ресей азаматы зардап шекті. 32 жастағы тағы бір альпинист аман қалды, - делінген хабарламада.