Швецияда Ирак азаматы Құранды өртеді

28 Маусым 2023, 21:04 1559

Стокгольм орталығында Құранды өртеу акциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Швеция полициясы Құрбан айттың алғашқы күнінде Құранды өртеу акциясына рұқсат берді. 

"ГлавМедиа" мәліметінше, 37 жастағы Ирактан келген иммигрант Салван Момика қасиетті кітаптың парақтарын жартып алып, оларды өртеген.

Оқиға орнында Швеция мен халықаралық БАҚ өкілдері және 200-ге жуық көрермен болды. 

Ұйымдастырушыға тас лақтырмақ болған ер адамды полиция ұстап әкетті.

Берік Арманов
Бөлісу: