Aftonbladet басылымының мәліметінеше, Лукас есімді жігіт мұндай әрекетке елінің альянсқа қосылуына қарсы екендігін көрсету үшін бармақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін ол Құранды өртейтінін айтқан болатын, дегенмен райынан бас тартып, мұсылмандардан кешірім сұрады.
Менің НАТО мен Швеция мемлекеті туралы айтарым көп. Мен Құранды өртемек болған әрекетім көңіліне қаяу түсірген барлық адамнан кешірім сұраймын, - деді Лукас.
Оқи отырыңыз:
Енді белсенді НАТО елдерінің жарғысын өртеуді жоспарлап отыр. Лукас өзінің бұл әрекеті Швецияның одаққа қосылуын тоқтатуға немесе баяулатуға әсер етеді деп санайды.
Белсенді өртеу акциясын 12 шілдеде Хельсингборгтың Орталық алаңында өткізеді.