Швеция НАТО-ға мүше 32-ші ел атанды

7 Наурыз, 20:22 688

Швеция 7 наурызда НАТО-ға ресми түрде қосылып, альянстың 32-ші мүшесі болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Сейсенбі, 5 наурыз күні таңертең Венгрия президенті Тамаш Шуйок Швецияның НАТО-ға мүшелігін ратификациялау туралы құжатқа қол қойды. Осылайша, Венгрия Швецияның альянсқа қосылуына жол бермей, ақырында келіскен НАТО-ның соңғы мүшесі болды.

Ақ үй Швецияның альянсқа кіруі АҚШ пен оның одақтастарының қауіпсіздігін арттыратынын атап өтті. Оның айтуынша, НАТО әлем тарихындағы ең қуатты қорғаныс альянсы болып табылады және ол осыдан 75 жыл бұрын Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қиын сәтте құрылғанына қарамастан, оның бүгінгі күні де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызы зор.

2024 жылдың 7 наурызында Швеция альянсқа ресми түрде қосылып, 32-ші одақтас болды. Швеция – біздің құндылықтарымыз бен дүниетанымдарымызға сәйкес келетін, жоғары тиімді әскері бар күшті демократиялық ел, - дп жазылған Ақүй таратқан хабарламада.

Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астана уақытымен 21:15-те Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссонмен кездеседі. 11 наурызда НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінде Швеция туы көтеріледі.

Перизат Саденова
Бөлісу: