Шуда қарасора жинаумен айналысқан екі адам ұсталды

11 Қазан, 10:58 2305

ІІМ есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл қызметкерлері «Қарасора» операциясы барысында Жамбыл облысы Шу ауданының құмды аймағында қарасора жинаумен айналысқан екі ер адамды ұстады. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күдіктілерден 500 кг-ға жуық кептірілген каннабис бұталары мен 9 кг кептірілген марихуана тәркіленді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

«Қарасора» операциясының төрт айында ішкі істер органдары 1315 есірткі қылмысын анықтады. Заңсыз айналымнан 17 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Қызылорда, Алматы, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында Ұлттық ұланның тікұшақтарымен барлау жүргізілді. Онда 25 есірткі егісі анықталды. Жалпы салмағы 2,5 тонна болатын 15 мыңнан астам қарасора бұталары жойылды. 11 күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Полиция азаматтарды күдікті әрекеттер туралы хабарлауға шақырады, – деді Қуандық Әлжанов.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: