Астанадағы «Шұбар» қосалқы станциясында 10 кВ ұяшықтар өшірілгеніннен кейінгі ахуал белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шектеуде үш тарату пункті бар. Оған кабельдік желіні ұрлау себеп болды. 4 жедел-көшпелі бригада оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Ауыстырулар жүргізіліп жатыр. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз, - деп жазылған қала әкімдігі таратқан ақпаратта.