ШҚО тұрғыны есірткіні үйінде сақтаған

16 Тамыз 2023, 13:46 828

ШҚО полицейлері тұрғыннан есірткі тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, Алтай ауданы ПБ КПБ қызметкерлері «Қарасора-2023» ЖПІШ өткізу барысында ШҚО ПД ЕҚҚІҚБ-мен бірлесіп, өз үйінде есірткі заттарын сақтаған Алтай ауданының тұрғынына қатысты жедел ақпарат алған.

Ер адамның үйін жедел тінту жүргізу барысында алынған ақпарат расталды, ұнтақ пен түйіршік түріндегі зат салынған 10 полимерлі пакет, сондай-ақ орауға арналған заттар мен өлшеуге арналған таразы, изолента және пакеттер тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат салмағы 145,76 грамм «Альфа-pvp» және салмағы 124,13 грамм мефедрон психотроптық заты болып шықты.

Алынған психотроптық заттардың жалпы салмағы 269,89 грамды құрады. Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

EL.KZ
Бөлісу: