ШҚО полицейлері патрульдік қызметте гироскутер пайдаланады

16 Тамыз, 03:41 466
ШҚО полицейлері патрульдік қызметте Segway гироскутерлерін пайдаланады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тәртіп сақшылары Өскемендегі жағалау аумағын және облыс орталығының саябақтарында патрульдеу үшін қос дөңгелекті электрлі құрылғыларды игерді.

Полиция департаментінде барлығы осындай төрт скутер бар. Оннан астам полиция қызметкері жүргізу курстарынан өтіп үлгерді және патрульдік қызмет көрсетуге дайын.

Батарея қуатымен жұмыс істейтін Segway полицияға арналған StreetSmart мүмкіндіктерімен, соның ішінде сирена және жыпылықтайтын шамдармен жабдықталған.

Гироскутерлер патрульдік қызметте және көліктер өте алмайтын саябақ аумақтарында, аллеялар мен алаңдарда тәртіп бұзушылықтардың алдын алу үшін пайдаланылады.

Бұл жаңашылдық уақытты айтарлықтай үнемдейді, сонымен қатар, жұмыс сапасын арттырады.
Перизат Саденова
Бөлісу: