ШҚО полицейлері 80-нен астам жүргізушіге көмектесті

11 Қаңтар, 09:10 538

ШҚО полицейлері үш күн ішінде 80-нен астам жүргізушіге қар құрсауынан шығуға көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Боран, жолдың көріну мүмкіндігінің нашарлығы, қарлы боран және дауылды жел. Осындай, ауа -райының қолайсыздығына байланысты жолдағы жүргізушілер қиын жағдайға тап болады. Кейде жүргізушілердің өздері "102" арнасына жүгінеді, ал кейде оларды тасжолдарда патрульдейтін инспекторлар байқайды.

Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы тас жолында тәртіп сақшылары қар құрсауында қалған ауыр жүкті көлікті байқаған. Белгілі болғандай, Грузия тұрғыны үйге қарай қайтар жолда кептеліп қалған. Жүргізуші өздігінен шығуға тырысқан, алайда көп тонналы жүк көлігі одан әрі қарға бата түскен. Сонымен қатар, көліктің ұзын тіркемесі жол бойымен бұрылып қалған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: