ШҚО мектептерінің бірінде кадет сыныбы ашылды

26 Сәуір, 04:38 575

ШҚО мектептерінің бірінде кадет сыныбы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оған Отан соғысы және ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы милиция полковнигі Құрмат Рахимовтың есімі берілді. Ардагер биыл 100 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр.

Мерейтой иесінің туған жері Күршім ауылының орта мектебінде бүгін 15 оқушы салтанатты түрде ант қабылдап, кадет атанды. Жасына байланысты Құрмат Рахимұлы салтанатты іс-шараға бара алмады. Сондықтан ол үшін полицейлер тікелей онлайн-трансляция ұйымдастырды.

Оның қасында ПД бастығының орынбасары Алмаз Төкенов, ІІО және ШҚО ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев болды. Бұл іс-шараға Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышов, АПБ бастығы Жандос Кошкинчинов, ІІО ардагерлері, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары қатысты.

Перизат Саденова
Бөлісу: