ШҚО-дағы жолдардың барлығы ашылды

17 Ақпан, 22:00 772

Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар барлық жолдар ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алайда облыста аяз -40С дейін күшейіп келеді. Осыған байланысты ТЖД барлық тұрғындар мен қонақтардан алыс сапарлардан уақытша бас тартуды сұрайды.

Айта кетейік, өңірдің таулы аймақтарында өар көшкіні қаупі де бар.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскемен-Алтай автожолында қар массасының еріксіз түсуіне жол бермеу үшін бүгін жасанды түрде көшкін түсірілді. Нәтижесінде 22300 текше метр қар түсті.

Перизат Саденова
Бөлісу: