ШҚО-дағы шахтада 4 адам қайтыс болды

31 Тамыз, 20:04 865

Шығыс Қазақстан облысындағы "Востокцветмет" ЖШС шахтасында 4 адам қайтыс болды. Оқиға бүгін 31 тамызда сағат 17.30-да болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алдын ала ақпарат бойынша олар белгісіз заттан уланған. Тағы бір адам Глубокое ауданының аудандық ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнында  "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС ШҚФ (13 адам және 3 техника), ТЖД  және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс істеуде. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: