2023 жылғы 18 шілдеде Катонқарағай ауданында Берел орман шаруашылығының аумағында шамамен 1700 метр биіктікте түтін ошағы байқалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқға орнына бірден Казавиаорман күзетінің МИ-2 тікұшағы шығып, орманшылар мен өрт сөндірушілерді жеткізді. Әуеден барлау нәтижесінде шамамен 2,5 гектар аумақта жалғыз өскен ағаштар өртеніп жатқаны байқалды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Оқи отырыңыз:
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы Әуе-десанттық дивизиясының МИ-8 тікұшағы өрт орнына десанттарды жеткізу жұмыстарын жүргізуде.
Өртті сөндіруге 67 орманшы мен өрт сөндіруші, 6 бірлік техника, «Қазавиаорманкүзеті» ММ МИ-2 және ШҚО авиациялық бөлімшесінің МИ-8 тікұшақтары жұмылдырылды.