ШҚО-да жүк көлігі жарылып, екі адам қаза тапты

19 Қараша, 19:32 458

Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен – Самар тасжолының 75-шақырымында жарылғыш зат тиелген VOLVO жүк көлігі жарылды. Оқиға Асубұлақ ауылына жақын маңда болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық ПД мәліметінше, жүк тасымалдайтын көлік  Самар ауданындағы тау-кен жұмыстарына арналған жарылғыш заттарды жеткізіп бара жатқан. Оқиға кезінде жүргізуші мен жолаушы қаза тапты.  

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу жұмыстары Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Osa_News Восточный Казахстан (@osa_news_vko)

 

Перизат Саденова
Бөлісу: