ШҚО-да жол учаскесін су басты

21 Наурыз, 01:08 634

Оқиға 20 наурызда сағат 16:30-да болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

QazAvtoJol мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында қардың еруімен және еріген судың пайда болуына байланысты Қарабұлақ ауылы бағытында жергілікті маңызы бар тас жолының жүріс бөлігінде су тасқыны болды (ені - 20 м, тереңдігі - 10 см).

Елді мекенге кіру қосымша жол арқылы жүзеге асырылуда. Сағат 20:30 шамасында тасқын тоқтатылып, су деңгейі төмендеді.

Оқиға орнына аудандық ішкі істер бөлімі мен жергілікті атқарушы органның 8 қызметкері және 7 бірлік техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Жергілікті атқарушы органдардың мамандары жағдайды тұрақты бақылауда ұстауда.

Атап өтейік, су тасқыны болған жол учаскесі республикалық жолдар санатына жатпайды.

Зарина Арман
Бөлісу: