ШҚО-да жол апаты кезінде санавиациялық тікұшақ көмекке келді

Кеше, 21:13 184

Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерді тасымалдау үшін жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ "Қазавиақұтқару" ММ ұшқыштары "МИ-8" тікұшағында санавиация дәрігерлерінің бригадасымен ЖКО кезінде зардап шеккен 1991 ж.т. әйелді Риддер қаласынан облыс орталығына шұғыл тасымалдады.

Шұғыл медициналық рейстер жоғары кәсіби дайындықты және барлық қатысушылардың үйлесімді жұмысын талап етеді. "Қазавиақұтқару" ММ экипажы мен дәрігерлердің жедел іс-қимылдарының арқасында пациент Өскемендегі медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді. Ол жерде оған қажетті көмек көрсетіледі, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. 

Қазақстан ТЖМ адам өмірін құтқару бойынша маңызды миссияны орындауды жалғастырып жатыр. 

Асқар Таудай
Бөлісу: