ШҚО-да жер сілкінісіне қатысты оқу-жаттығу өтеді

26 Мамыр, 18:08 559

Шығыс Қазақстан облысында 3-4 маусым аралығында «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ТЖМ мәліметінше, оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтерінің және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, шартты түрде жойқын сілкініс кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау мақсатында өтпек.

«Жер-2024» өткізу барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерьлер және далалық медициналық госпиталь көрсетілетін болады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: