ШҚО-да жер сілкінді

15 Ақпан, 09:05 547

Алматыдан 1225 шақырым жерде 15 ақпан Астана уақытымен 06 сағат 52 минутта жер сілкінді, оның күші Риддер мен елдің шығысындағы бірнеше ауылда 2-ден 3 баллға дейін жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісі ошағы Ресей аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1225 км жерде орналасқан.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Перизат Саденова
Бөлісу: