10 сәуір күні сағат 19:00 шамасында Ұлан ауданының Өскемен-Самар автожолының 25-шақырымында Lada Largus және Lada Granta маркалы екі автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, апаттан екі адам оқиға орнында көз жұмып, үшеуі медициналық мекемеге жатқызылды. Сағат 22:00-де ауруханаға жатқызылғандардың бірі қайтыс болғаны анықталды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот сараптамалары тағайындалды, - делінген мәліметте.
Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін, маневр жасауды қатаң сақтау және метеорологиялық жағдайларды ескеру қажеттігі туралы ескертеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram