ШҚО-да жанармай таситын көліктер өртенді

13 Сәуір, 09:33 481

Өрт сөндірушілер жанармай таситын көліктерде шыққан өртті жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, ШҚО-да Алтай ауданында мұнай базасының аумағында бокста екі бензин тасығыш өртенді. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшелері 19 шаршы метр аумақта өртті жедел түрде жойды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі анықталуда.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: