ШҚО-да заңсыз елік аулаған ауыл тұрғыны ұсталды

2 Қараша 2023, 13:02 800

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс шарасын өткізу барысында Алтай қаласының шыға берісін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері ВАЗ-2121 автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 66 жастағы ер адамның көлігінің салонын тексеру кезінде тәртіп сақшылары жабайы жануардың, болжам бойынша, еліктің етін байқаған.

Табиғатқа келтірілген залал 2,4 млн теңгеден асады.

Сонымен қатар күдіктінің көлігінен ТОЗ мылтығы тәркіленген.

ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: