ШҚО-да түрмеден қашып кеткен ер адам ұсталды

22 Ақпан 2023, 14:01 2745

ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің № 16 мекемесінен ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотталған адам қашып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы polisia.kz сайты мәлімдеді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары шұғыл түрде басталды. Бір сағат ішінде қашқан адам ұсталды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес тергеудің егжей-тегжейлері өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Қазір Өскемен қаласының ПБ ҚР ҚК 426-бабы “Бас бостандығынан айыру орындарынан қашу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ШҚО бойынша ҚАЖД қызметтік тексеру басталды.

EL.KZ
Бөлісу: