ШҚО-да төтенше өрт қаупі сақталып отыр

8 Маусым 2023, 04:14 434

Шығыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі сақталып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

8 маусымда ауа температурасының 41 градусқа дейін көтерілуі туралы дауылдық ескерту жарияланды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Өрттің алдын алу мақсатында өрт сөндірушілер, орманшылар, полиция, ЖАО қатарынан 46 мобильді топ құрылған. Профилактикалық рейдтер нәтижесінде 32 бұзушы анықталды.

Бастапқы кезеңде жануды жедел бақылау үшін ШҚО ТЖД қызметкерлері космомониторингті пайдаланады.

Перизат Саденова
Бөлісу: