ШҚО-да төрт бала туберкулезбен ауырды

9 Қазан 2023, 01:19 849

Шығыс Қазақстан облысында биыл 4 бала туберкулезбен ауырған. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері өңір бойынша 195 адам туберкулезбен ауырған. Оның ішінде 4 бала және 4 жасөспірім бар. Бұл өткен жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда 5 пайызға аз.

Талдау көрсеткендей, облыстағы жұмыс істемейтін азаматтар ең осал санатқа жатқызылады, бұл жалпы ауырғандар санының 55,6%-ы. Туберкулезге тән белгі – жөтел. Егер жөтел екі аптадан астам уақытқа созылса, міндетті түрде медициналық мекемеге барып, тексерілуіңіз керек. туберкулез емделеді, бірақ емдеу мерзімі кемінде 6-8 айға созылады. Көп жағдайда вакцина баланы, ең алдымен, туберкулезді менингиттен және аурудың ауыр таралған түрлерінен қорғайды, - делінген ақпаратта.

Ауру негізінен ауа арқылы таралады. Оның бактериялары ауада бірнеше сағат бойы сақталуы мүмкін. Туберкулезді кез келген жаста жұқтыру ықтималдығы бар. Бірақ бұл әсіресе балалар мен денсаулығы әлсіреген ересектер үшін қауіпті. 

Берік Арманов
Бөлісу: